Астана туралы
 
Астана қаласы Еуразияның дәл ортасында орналасқан: бір жағынан – еуропалық жетістік, екінші жағынан – шығыс дәстүрі үйлесімін тапқан. Қарқынды өсіп, күннен күнге жаңарып келе жатқан бұл қаланың Қазақстанның астанасы деген құрметті атақпен аталуына, міне, 11 жыл толды. Ал республикалық маңыздылығы жөнінде айтсақ, бүкіл даму тарихында бұл қала еліміздің картасындағы  белсенді нүктелердің бірі болды. Себебі республикадағы ең ірі теміржол мен көлік жол торабының бірі дәл осы жерде орналасқан.
 
 
Географиялық сипаттама
Қала Қазақстанның орталық бөлігінің орталығында орналасқан, географиялық координаты: солтүстік ендігі – 51°10’ және шығыс бойлығы 71°30’. Қала территориясы – 710,2 шаршы км (салыстыру үшін, 1997 жылы 258 шаршы км).
 
Ауа райы – қатты континенталды. Орташа температура  қаңтарда -14-18°C және шілдеде +20+24°C басталады. Қыста өте суық, -40°С дейін, жазда өте ыстық (кей кезде 35°C жоғары), топырақты құрғақ жел соғады. Жаз 194-202 күнге созылады, қыс 163-171 күнге және одан көпке дейін жалғасады. Аяз шамамен 105-130 күнге созылады. Жылдық жауын-шашын мөлшері – 200-300 мм.
 
Астана V сағаттық белдеуде орналасқан. Нөлдік меридианға қатысты жергілікті уақыт +06.00 GTM бойынша есептеледі.
 
Аймақтағы ірі өзендер – Есіл мен Нұра – қаланы кесіп өтеді. Есіл – Қазақстан мен Ресейден өтетін өзен, Ертістің сол жақ саласы. Қарағанды аймағындағы Нияз тауынан келеді. Қармен қоректенеді. Қарашаның басында өзен қатады, сәуір-мамыр айында ериді.  Екінші өзен – Нұра –Нұр-Сарысу бассейнінің ең ірі өзені, бастамасын Қызылтас тауының батысынан алады (Орталық Қазақстан). Өзен ерекшелігі -  негізгі жылдық ағыс көлемі (90% дейін және жоғары) көктемгі су тасқыны мерзіміне келеді. Қарашаның басында қатып, сәуірде ериді. Сонымен қатар, Ақбұлақ және Сарыбұлақ бұлақтары қаладан өтеді.
 
Астана – 100-ден астам ұлт өкілдерінің туған қаласы. Астана тұрғындарының саны бүгінгі күні  690 мыңға жуықтайды.
 
 
Елтаңба сипаттамасы
 
Төлтаңба негізіне жетілу, шексіздік пен мәңгілікті білдіретін шеңбер алынған. Екі символ – Бәйтерек пен Шаңырақты біріктіру оның орталық айшықтары. Осы көркемдік шешім қаланың белгісін де, елдің символын да өз бойына тұтастырған қазіргі Қазақстан дамуының кезеңдік сипатын танытып тұр. Бәйтерек – төрткүл дүниені құшағына сыйғызған алып ағаш. Ол дамып келе жатқан ғарыш кеңістіндегі тірі ағза ретінде қабылданады. Бұл ортадағы символикамен тығыз байланысып тұр. Шаңырақ – өзің өсіп-өнген отбасыңның әлем кеңістігімен ортақтастығын білдіреді.
 
Осылайша ол көркемдік шешім тұрғысынан алғанда, екі символды – Бәйтерек пен Шаңырақты біріктіру арқылы жүзеге асырылған. Бәйтеректің негізіне аңыздағы Самұрық құстың самғауын танытатын «құсқанаты» оюы өрнектелген.
 
 
Тарихи очерк
 
1830 жылы 18 маусымда біздің қала орнына  бекініс көтеру туралы құжатқа қол қойылды. Бірақ деректер бойынша, 1832 жылғы 22 тамызда көп халық жиналып, салтанатты түрде Ақмола округының ресми ашылуы өтеді. Ақмола атауы түрлі дереккөздерде түрліше түсіндіріледі: «ақ мола», «ақ мол». Егер тарихқа тереңірек үңілсек, барлығына сенімді негіздеме табуға болады. Астанаға жақыңырақ жерде, қырлы белестерден ежелгі түрік мүрдесі табылған, осыдан бірінші анықтама шығады. Екіншісі - елді мекеннің орналасу ерекшелігінде. Біздің қала арқылы Ресей мен Орта Азияны қосатын керуен жолы өткен. Жыл сайын ірі жәрмеңкелер ұйымдастырылған. 1852 жылы 21 мамыр мен 10 маусым аралығында өткен Константин жәрмеңкесі үлкен атаққа ие болды. Келесі орында – 26 қазаннан 10 қарашаға дейін өткен Дмитриевка жәрмеңкесі. Олар сүт өнімдерінің байлығымен әйгілі болды, осыдан барып «ақ мол» анықтамасы пайда болды.
 
Сәтті орналасуына баланысты елді мекен  қарқынды дами бастады. 1862 жылы 7 маусымда Ақмоланы аймақтық қалаға айналдыру туралы шешім қабылданды. 1863 жылғы 16 шілдеде ресми түрде Ақмола атанды.
 
19 ғасырдың аяғы – 20 ғ. басында штаттан тыс провинциалды қала саналатын Ақмола революционерлерді, одан кейін саяси қуғын-сүргін құрбандарын айдайтын жер болды.
 
Біздің жылнамадағы келесі маңызды кезең  - соғыс жылдары. Қала одан тыс қалмады. 1941 жылы шілде айында Ақмола Балтық теңіз жағасында шайқасқан 310-шы атқыштар дивизиясының құрылған жері болды. 1941 жылы тамыздың соңында екінші 387-ші атқыштар дивизиясы құрылды. Сталинград, Қырым, атақты Перекоп, Севастополь - дивизия батырлары ерекше көзге түскен қалалардың барлығы емес. Үшіншісі, осылардың ішіндегі ең атақтысы, 29-шы атқыштар дивизиясы (1941 жылғы 15 желтоқсан). 1943 жылғы 1 наурызда Сталинградты қорғаудағы ерекше ерлігі үшін дивизия 72-ші атқыштар гвардиясы болып өзгертіледі. Әрі қарай, Курск шайқасы, Харьков, Краснодар үшін соғыс, Днепр мен Оңтүстік Бұғадан жүзіп өту, Румыния, Венгрия, Чехословакия және басқа жерлерді босату.
 
Кейін қала Тың игеру орталығына айналды. 1954 жылғы 2 наурызда Ақмолаға бірінші еріктілер эшелондары келе бастады. Тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. Тек 1953-1958 жылдар арасында 270 мыңға жуық адам тартылды. 1960 жылы «Тың жерлерді игеру» жарлығы шығады, ал 1961 жылдан бастап қала Целиноград болып өзгертіледі. Қала халқының өсуі қала кварталдарын қайта салуды, кейбіреуін нөлден бастауды талап етті. і. Көптеген ескі құрылыстар жойылды. Қаланы мәскеуліктер мен ленинградтықтар тұрғызды.
 
1971 жылы Тың игеру территориясы жойылып, Целиноград облыс орталығына айналды. КСРО-ның ыдырауына байланысты, 1992 жылы Қазақстан Республикасы егемендігін алды. Осы кезде бұрынғы атын қайтару шешімі қабылданды. Ол қайтадан Ақмола атанды. 1994 жылы шілде айында біздің қаланы Астана деп өзгерту туралы шешім қабылданды.
 
1997 жылғы 10 желтоқсан айындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола еліміздің астанасы атанды. Ал 1998 жылы 6 мамырда елбасы Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда ресми түрде жаңа астананың тұсаукесер тойы болып өтті.
 
Артынша қала тарихындағы тағы бір маңызды оқиға орын алды, ол – «Әлем қаласы» атағына ие болу. 1999 жылы БҰҰ шешімі бойынша Қазақстан астанасы медальмен және жоғары атақпен марапатталды.
Қазіргі таңда Астана - түрлі саяси, экономикалық және мәдени кездесулер өтетін еуразиялық кеңістік орталығы. Енді бұл жерде өткір шешімдер қабылданып, біздің тарихымыз анықталады.
 
 
 
 
 
Сайттар
  • Спорттық БАҚ
  • Спорттық Клубтар
  • Спорттық федерациялар
  • Басқармаға қарасты мекемелер
  • Халықаралық ұйымдар