Мұғалімдер күніне орай валейболдан жарыс

10 қыркүйек 2015 жылы, Мұғалімдер күні қарсаңында, Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы ұстаздары арасында валейболдан турнир ұйымдастырылды. 

Мұғалімдер күніне орай валейболдан жарыс
13Қазан
Жарыс №40 Ә. Марғұлан атындағы мектептің спорт залында өтті. Іс-шараны Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігі мен Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының ұйытқысымен қала әкімдігінің Спорттық – бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы ұйымдастырды. Турнир барысында 100-е тарта мұғалімдер валейбол алаңына шықты. Олардың арасындағы қызу тартысты әріптестері, оқушылар мен ата-аналар қызыға тамашалады. Турнир қорытындысы бойынша №15 мектеп лицей командасы – 1 орын, № 65 мектеп командасы – 2 орын, № 40 Ә.Марғұлан атындағы мектептің ұстаздары 3 орынға ие болды. Қатысушылар мен жанкүйерлер турнир жоғары деңгейде өткізіліп, ойыннан жақсы әсер алғандарымен бөлісті.
 
Шара ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы шеңберінде бұқаралық спортты дамыту; «Астана - есірткісіз қала» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру; бұқаралык спортты насихаттау; өскелең ұрпақтың бойына мұғалімдер қауымына деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.


← Жаңалықтарды тiзiмге
Сайттар
  • Спорттық БАҚ
  • Спорттық Клубтар
  • Спорттық федерациялар
  • Басқармаға қарасты мекемелер
  • Халықаралық ұйымдар