Ақпараттық технологиялардың халықаралық университеті - Ұлттық студенттік лига жеңімпазы

2015 жылдың 14 желтоқсанында республикалық «Сарыарқа» велотрегінде баскетболдан Ұлттық студенттік лиганың финалы өтті.   

Ақпараттық технологиялардың халықаралық университеті - Ұлттық студенттік лига жеңімпазы
15Желтоксан
Қыздар арасында финалда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Қазақ тұтынушылар қоғамының Қарағанды экономикалық университетінің командалары шайқасты. Тартысты ойын нәтижесінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің командасы 50:36 есебімен жеңіске жетті.
 
Жігіттер арасында баскетболдан ұлттық студенттік лиганың бас жүлдесіне С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мен Ақпараттық технологиялар халықаралық университетінің ойыншылары таласты. Бұл матчта 73:53 есебімен Ақпараттық технологиялар халықаралық университетінің командасы жеңімпаз атанды.
 
Кубоктың салтанатты жабылу салтанаты мен финалдық ойындарға ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде министр біздің жас мемлекетіміздің болашағы -өскелең ұрпақ тәрбиесі  үшін осындай бұқаралық спорттық шаралардың маңызы зор екендігін атап өтті. Сонымен қатар, финалдық ойындардың ашылу салтанатына жоғарғы оқу орындарының ректорлары мен ҚР баскетболдан ұлттық федерацияның Президенті А.Алпамысов қатысты.
 
Ойыншылар мен жанкүйерлердің назарына жастардың сүйікті орындаушылары рэпер Биг Сом (BigSom), Әли Оқапов, қазақ эстрадасының басқа да жұлдыздарының қатысуымен шоу-бағдарлама ұсынылды.
 
Командалардың ойын қорытындысы:
Қыздар
1. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ.)
2. Қазақ тұтынушылар қоғамының Қарағанды экономикалық университеті (Қараганды қ.)
3. Қазақ спорт және туризм академиясы (Қараганда қ.)
 
Жігіттер
1. Ақпараттық технологиялар халықаралық университеті (Алматы қ.)
2. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Астана қ.)
3. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (Қараганда қ.)
 

Фотогалерея




← Жаңалықтарды тiзiмге
Сайттар
  • Спорттық БАҚ
  • Спорттық Клубтар
  • Спорттық федерациялар
  • Басқармаға қарасты мекемелер
  • Халықаралық ұйымдар