Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған «Спорт-өмір көркі» атты Универсиада

2016 жылдың 18-19 сәуір күндері Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған «Спорт-өмір көркі» атты қалалық Универсиада аясында жігіттер арасында баскетболдан турнир өтті.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған «Спорт-өмір көркі» атты Универсиада
22Сәуір
Назарбаев университетінің спорт кешенінде ұйымдастырылған жарысқа С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті; Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті; Тұран-Астана университеті; Астана медицина университеті; Назарбаев университеті; Қазақ гуманитарлық заң университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық  университетінің құрама командалары қатысты. Төл университетінің намысын қорғауға шыққан 70-ке тарта ойыншылардың жарысын тамашалауға оқу орындарының студенттері, мұғалімдері жиналды. Шараны Астана қаласы дене тәрбиесі және спорт басқармасының ұйытқысымен Астана қаласы әкімдігінің бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы ұйымдастырды. Жарыс жеңімпаздары дәрежелі дипломдармен және медальдармен марапатталды. Ойын қорытындысы бойынша I орынды С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті; IІ орынды Қазақ гуманитарлық заң университеті; III орынды Астана медициналық университетінің командалары жеңіп алды.
20-21 сәуір күндері баскетболдан турнир қыздар арасында жалғасын тапты.I орынды Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті; IІ орынды Астана медициналық университеті; III орынды Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық  университетінің командалары жеңіп алды.

Фотогалерея




← Жаңалықтарды тiзiмге
Сайттар
  • Спорттық БАҚ
  • Спорттық Клубтар
  • Спорттық федерациялар
  • Басқармаға қарасты мекемелер
  • Халықаралық ұйымдар