ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мемлекеттік қызметкерлер арасындағы Спартакиада

Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Спартакиада жалғасуда. 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мемлекеттік қызметкерлер арасындағы Спартакиада
25Сәуір
2016 жылдың 24 сәуірінде шағын футболдан сайыс өтті. Оған қалалық басқармалар мен департаменттерінің қызметкерлерінен құралған 15 команда қатарында 160 адам қатысты. Олардың арасында  Ішкі саясат басқармасы, Қазынашылық басқармасы, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті, Әділет департаменті, Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент, Мемлекеттік кірістер департаменті, Ішкі істер департаменті, Құрылыс басқармасы, Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы, Статистика департаменті, «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты, Астана қаласы әкімінің аппараты, Жер қатынастары басқармасы, коммуналдық шаруашылық және мемлекеттік сатып алулар басқармасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті бар. Шараны Астана қаласы дене тәрбиесі және спорт басқармасы мен Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру дирекциясы ұйымдастырды.
 
Күштік құрылымдар арасында астаналық Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы үздік шықты. 2-орынды – Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент, 3-орынды – Ішкі істер департаментінің командасы жеңіп алды.
Мемлекеттік мекемелер арасында Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 1 –орынды, Қазынашылық департаменті – 2-орынды, Құрылыс басқармасы - 3 –орынды жеңіп алды.
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Спартакиада сәуір айының соңына дейін жалғасады.
 

Фотогалерея




← Жаңалықтарды тiзiмге
Сайттар
  • Спорттық БАҚ
  • Спорттық Клубтар
  • Спорттық федерациялар
  • Басқармаға қарасты мекемелер
  • Халықаралық ұйымдар