Спортшымыз Ильяшенко Павел Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға жолдаманы жеңіп алып, сенімімізді ақтады!

Бүгінде Олимпиада ойындарының өтуіне 50 күн қалды және еліміздің намысын қорғайтын спортшыларымыздың есімдері де анықталуда.
Спортшымыз Ильяшенко Павел Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға жолдаманы жеңіп алып, сенімімізді ақтады!
16Маусым
Бір жолдаманы қазіргі бессайыстан (әйелдер арасында) Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің» спортшысы Потапенко Елена Бежіңде өткен қысқы Азия Чемпионатында жеңіп алып, жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға өз құқығын дәлелдеп берген болатын.
Лондонда өткен алдыңғы Олимпиада ойындарында қатысқан Ильяшенко Павелдің есімі қазірде Қазақстан спортында көпшілікке танымал.
Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің» спортшысы Ильяшенко Павел қазіргі бессайыстан Қазақстан Республикасының құрама мүшесі, халықаралық деңгейдегі Қазақстан Республикасының спорт шебері, Еуропа және Әлем чемпионаттарында командалық біріншілікте бірнеше дүркін күміс жүлдегері, Азия Чемпионы. 
Қазіргі бессайыстан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы және Павелдің жеке бапкері Дмитриенко Оксана Валентиновнаның өз сөзінде: «Өткен Олимпиадада Павелдің тәжірибесі аз болды, жас Павелге үлкен жауапкершілік жүктелген болатын. Ал қазір, осы өткен жылдар бойы біз Павелмен көп жұмыс жасадық, жетістікке жету үшін талмай шынықтық, дайындалдық», - деп спортшыдан үлкен жеңіс күтетінін білдірді. 
 
Айта кетсек, қазіргі бессайыс аса үлкен шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін спорт түрінің бірі. Қазіргі бессайысқа, әрине ату, семсерлесу, жүзу, атпен кедергілерден өту және жүгіру сияқты спорттың 5 түрі кіреді. Спортшылар әр түрінен нәтижелері бойынша ұпайлар жинайды. Бұл қиын спорт түрінің бірі, себебі ату, семсерлесу, жүзу, конкур және жүгіруден тәртіп бойынша өтетін бұл жарыста спортшы күреске түседі. Сондықтан да біз бұл спорт түрімен айналысатын, жоғары жетістіктерге ие болған қыздарымыз бен ұлдарымызды мақтан етеміз.   
Павел Бежіңде өткен Азия Чемпионатында жолдамаға ие бола алмағандықтан, спортшының Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға қатысуы қазіргі бессайыстан халықаралық федерациясымен жеке рейтинг нәтижелерін негізге ала отырып шешіліп, спортшы 16 маусымда Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатысу жолдамасына ие болды.
 
«МЖСШМ» ұжымы директоры Калин Рустам Ілиясұлының басшылығымен спортшыны және оның жаттықтырушысы Оксана Валентиновнаны салтанатты түрде құттықтап, естелік сыйлықтарын ұсынды.
«Спортшының ұтқан әр жолдамасы бізге ғана емес, барша қазақстандықтар үшін үлкен қуаныш. Біздің мектебімізде осымен 6 жолдама, біз өздерінің қажырлы еңбектерімен өз шеберліктерін дәлелдей білген спортшыларымызбен мақтанамыз. Және Астана спортшыларына үлкен қолдау көрсетіп, көмек көрсеткен Астана қаласының «Дене шынықтыру және спорт басқармасының» басшысы  Маржикпаев Берік Борамбайұлына алғысымыз шексіз. Біздің ортақ мақсатымыз спортты дамыту. Баршамыз, бар қазақстандықтар Павелға жеңіс тілейміз, қолдау көрсетеміз», - деп сөзін аяқтады Р.І. Калин.
Оксана Валентиновна мен Ильяшенко Павел көңіл бөліп қарсы алғандарына, қолдау көрсеткендеріне «МЖСШМ» басшылығына, Астана қаласының «Дене шынықтыру және спорт басқармасына» қуаныштарын білдіріп, алғыстарын айтып жатты. «...Сенімдеріңізді ақтаймын»,- деді сөзінің соңында Павел.
Біз жазғы Олимпиада ойындарына қатысу құқығына ие болған спортшымызды жеңісімен тағы да құттықтаймыз.
Баршамыз әлем алдында еліміздің атынан шығатын, елімізді әлемге танытатын спортшы - чемпиондарымызды мақтан тұтамыз, және сенімімізді ақтайтындарына сенімдіміз!!!  

Фотогалерея




← Жаңалықтарды тiзiмге
Сайттар
  • Спорттық БАҚ
  • Спорттық Клубтар
  • Спорттық федерациялар
  • Басқармаға қарасты мекемелер
  • Халықаралық ұйымдар