Елордамыздағы дәстүрлі шаңғы фестивалі

Астана, 25 ақпан 2017 жыл.

Елордамыздағы дәстүрлі шаңғы фестивалі
17Ақпан
Астана қаласы әкімдігінің «Қыс өрнегі» 17-ші шаңғы фестивалі биылғы жылы «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне арналып өткізіледі. Бұл дәстүрлі шаңғы жарысы – қыстың соңғы сенбісінде Есіл өзенінде (Есіл өзенінің арнасы, Қабанбай батыр даңғылы, көпір, «Рамстор» СҮ) және қалалық саябақтың жаяу жүргіншілер көпірінде өтеді.
 
Аталған фестивальге қатысушыларды тіркеу таңғы сағат 9.00-ден басталады, бұдан соң фестивальдің ашылу салтанаты өтеді. Дәстүрлі 2 шақырымға сырғанаудан кейін жарыс басталады. Бұл шара төмендегідей спорттың 10 түрі бойынша өтеді: әр түрлі жас санатындағылар арасында 1 және 3 шақырым қашықтыққа шаңғы жарысы, мини-футболдан қар үстінде өтетін жарыс, хоккей, күрес, крикет, армрестлинг, кір көтеру, арқан тарту, мұз астында балық аулау және мотокросс. 
 
Күреске қатысушыларды тіркеу үш категория бойынша жүргізіледі:
1.    Ересектер 75 кг дейін және 75+ кг салмақ категориясы;
2.    Жастар 60 кг және 68 кг салмақ категориясы;
3.    Жасөспірімдер 46 кг және 55 кг салмақ категориясы;
 
Шаңғы жарысына қатысушыларды тіркеу өткізілетін жарыстың ережесіне сәйкес жас санатына байланысты жүргізіледі.
 
Бұл күні Есіл өзенінің арнасында спорт қалашығы бой көтереді. Фестивальді ұйымдастырушылар – Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс шараларды өткізу дирекциясы аталған жарысты өткізу уақытын дәл таңдаған. Өйткені, ақпан айының соңында, яғни, қыс пен көктемнің түйісер тұсында, ауа-райы жылынып, күн жадырап, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін тамаша көңіл-күй сыйлайды.
 
Бұл шара өзінің ресми ауқымынан шығып, қысқы спорт түрінен өтетін үлкен мерекеге айналғалы қашан?! Өткен жылғы жарыста тек шаңғы жарысының өзіне 2 700-ден астам адам жазылды. Олар – оқушылар, студенттер, әскери қызметкерлер, жастар, қала тұрғындары мен зейнеткерлер. Фестивальге түрлі саланың өкілдері: қоғам қайраткерлері, мұғалімдер, спортшылар, бизнес өкілдері, медицина қызметкерлері, т.б. белсене қатысты. 
 
Дәстүрлі «Қыс өрнегі» фестивалі – елордамыздың спорттық өмірінде айшықты оқиға болып саналады. Отбасымен, ұжыммен таза ауада қысқы демалыс ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан да, қала басшылығы Елорда қонақтары мен тұрғындарын айтулы шараға белсене қатысуға шақырады. Ол үшін фестиваль өтетін күні өтінім беру қажет.
 
Шаңғы жарысына, армрестлингке, арқан тартуға, мұз астында балық аулауға қатысқысы келетіндерді тіркеу күні бұрын жүргізіледі. festival_kys_ornegi@mail.ru электронды поштасына төмендегі үлгіде өтінім жолдау қажет:
1. Аты-жөні
2. Қатысышының жасы (туған жылы)
3. Қатысқысы келетін спорт түрі
 
Жауапты атқарушылар: «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс шараларды өткізу дирекциясы» КММ, «№2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» МКҚК.
 
Анықтама телефондары: +7 (7172) 26 63 46 
Әлеуметтік желіде: elordasport.kz/contacts

Фотогалерея




← Жаңалықтарды тiзiмге
Сайттар
  • Спорттық БАҚ
  • Спорттық Клубтар
  • Спорттық федерациялар
  • Басқармаға қарасты мекемелер
  • Халықаралық ұйымдар