Астананың футболшылары халықаралық турнирден алтын медальді жеңіп алды

25 маусым аралығында Ақмола облысы Зеренді ауданында ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Т.С. Сегізбаевтың сыйлығына арналған футболдан 2004-2005 ж.т. жасөспірімдер арасында Халықаралық турнир өтті. 

Астананың футболшылары халықаралық турнирден алтын медальді жеңіп алды
27Маусым
Жарыс екі жас аралығында өтті, 2004 ж.т. жасөспірімдер арасында 8 команда қатысты, Қазақстан, Россия және Өзбекстан. Астана қаласы №8 БЖМОРСМ атынан екі команды шықты (№8 БЖМОРСМ-1, №8 БЖМОРСМ-2). №8 БЖМОРСМ-1, А тобында бірінші орынмен шығып, жартылай финалда Ташкент қ. ДЮСШ-24 командасымен тең түсіп, ойыннан кейінгі 11 метрлік айып добынан, №8 БЖМОРСМ-1 командасы 3:0 есебімен жеңіске жетті. №8 БЖМОРСМ аяқдопшылары, финалда Ташкент қ. ГСШИ командасына бірде-бір мүмкіндік бермей 4:0 есебімен жеңді. Турнирде Қазақстан Футбол Федерациясының Президенті Байшаков Сейльда Икрамұлы қатысты. Турнидің ең үздік ойыншысы атанған, Астана №8 БЖМОРСМ спортшысы Жалелов Нұрдаулет.

Фотогалерея




← Жаңалықтарды тiзiмге
Сайттар
  • Спорттық БАҚ
  • Спорттық Клубтар
  • Спорттық федерациялар
  • Басқармаға қарасты мекемелер
  • Халықаралық ұйымдар