Елордалық спортшылар академиялық есуден ерекшеленді

Академиялық есуден Қазақстан Республикасының чемпионатында Астана қаласы әкімдігінің «МЖСШМ» спортшылары 3 алтын, 1 күміс және 4 қола медальдарға ие болды.
Елордалық спортшылар академиялық есуден ерекшеленді
18Шілде
12 – 16 шілде аралығында Теміртау қаласына Самарқанд су қоймасында академиялық есуден жеке-командалық Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Биыл мемлекеттің біріншілігіне 150-ден аса спортшы қатысты, аталған чемпионат жыл сайын Теміртау қаласында өтіп тұрады. Жарыс Қазақстанның құрамасына кіруге және қыркүйек айында өтетін Азия ойындарына қатысуға мүмкіндік береді.
 
Астана қаласы әкімдігінің «МЖСШМ» спортшысы халықаралық дәрежедегі спорт шебері Опачанова Александра үш алтын медальға ие болды. Елордалық құраманың қоржынына Кусаинов Аслан 4-(жеңіл салмақта) 1 күміс медаль алып келді. Лобов Юрий 2000 метр қашықтықта 2-(ашық есуде) және 4-(ашық есуде) қола медальдарға ие болды. Коломиец Кирилл 4-(ашық есуде) қола медальға ие болды. Тағы бір қола медаль 4-(қосарлап есуде) елордалық спортшы Ибрашев Айшамбектің еншісінде.
 
«Жарыстың ұйымдастыру деңгейі өте жоғары болды, мені жаттықтырушы ретінде спортшылардың жетістіктері өте қуантады, бұл жерге тек қана жеңіс үшін келеді. Осы жылы Астана қаласының құрамасы жалпы командалық екінші орын алды» - деді академиялық есуден ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Красников Андрей Ильич.


← Жаңалықтарды тiзiмге
Сайттар
  • Спорттық БАҚ
  • Спорттық Клубтар
  • Спорттық федерациялар
  • Басқармаға қарасты мекемелер
  • Халықаралық ұйымдар