Астанада стенд атудан екі бірдей халықаралық чемпионат басталады

Астанада стенд атудан екі бірдей халықаралық чемпионат басталады
01Тамыз
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында 4 тамыз күні сағат 20:00-де Астанада «TARGET» атқыштар клубының алаңында («Алаш» тас жолы, 138/2) стенд атудан екі бірдей халықаралық чемпионатының – 7th Asian Shotgun Championship және 5 STAND GLOBAL CHAMPIONSHIP ашылу салтанаты өтеді.
 
Стенд атудан 7-Азия чемпионаты Астанада 4-13 тамыз аралығында астаналық «TARGET» атқыштар клубының аймағында өтеді. Қатысушылар классикалық олимпиадалық тәртіптер бойынша жарысады, яғни: скит, трап, микс-трап және дубль-трап, сондай-ақ сынақ ретінде бір тәртіп: микс-скит бойынша бақ сынасады. Чемпионатта 30 елдің атқыштары қатысады.
 
Қазылар алқасы да көпұлтты, 10 түрлі мемлекет өкілдері төрелік ететін болады. Сонымен қатар, ашылу салтанатында Азия ату конфедерациясының президенті Шейх Али Ал Халиф сөз сөйлейді.
 
7-Азия чемпионаты ашыла салысымен 5 STAND GLOBAL CHAMPIONSHIP чемпионаты да басталады. 5 STAND GLOBAL CHAMPIONSHIP «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ұйымдастыру комитетінің бастамасымен, Қазақстан спорттық ату Федерациясы мен «TARGET» астаналық атқыштар клубының базасында бірінші рет өткізілгелі отыр. Жарысқа ардагерлер де, жасөспірімдер де қатыса алады.
Жеңімпаздарды танымалдылықпен бірге 315 000 долларлық сыйақы күтеді. Қатысушылар 9 команда құрамындағы 54 спортшылар болмақ. Чемпионат 4 күнге созылады, 8 тамыз күні «ЭКСПО-2017» гран-при ойнатылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, 5 Stand Global жыл сайынғы чемпионатқа айналмақ.
 
Екі чемпионатта Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен өткізіліп отыр.
 
Естеріңізге сала кетейік, Азия чемпионатына Қазақстан осымен екінші рет қатысып отыр. Бұған дейін 2013 жылы Алматыда үшінші Asian Shotgun Championship өткен болатын. Ол кезде Қазақстан әйелдер команда құрамасында трап бойынша 4-орын алған болатын. 


← Жаңалықтарды тiзiмге
Сайттар
  • Спорттық БАҚ
  • Спорттық Клубтар
  • Спорттық федерациялар
  • Басқармаға қарасты мекемелер
  • Халықаралық ұйымдар