Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді, Қазақстан Республикасының Ата Заңы күні мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
28Тамыз
Ата заң – тәуелсіздіктің тірегі, алға қойылған мақсаттарды шешудің алтын діңгегі.
 
Заңға құрметпен қарау - еліміздің, әр азаматтың борышы. Себебі, ата-бабаларымыз тәуелсіздікті ұзақ жылдар бойы аңсаған. Тәуелсіз ел болып, ансаған арманымызға жеткенде, Ата Заңымызды сақтап, ауыз бірлігіміз жарасқан ел болу ендігі міндетіміз. Тәуелсіздікті алғаннан бері әр салада аянбай еңбек етіп қоғамдық жұмыстарға өзіміздің үлесін қосып жүрген халықпыз.
 
Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді.
 
Осындай нәтижелерге қол жеткізіп жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
 
Құрметпен,
Астана қаласы денеше шынықтыру және спорт басқармасының ұжымы 
 


← Жаңалықтарды тiзiмге
Сайттар
  • Спорттық БАҚ
  • Спорттық Клубтар
  • Спорттық федерациялар
  • Басқармаға қарасты мекемелер
  • Халықаралық ұйымдар