Басты туристік маршрут
№1
Сол жақ жағалау - астананың жаңа орталығы
Бейбітшілік пен Келісім сарайы * «Қазақ Елi» моменті * «Ақорда» резиденциясы • Министрліктер үйі – негізгі алаң • Фонтандар • «Астана-Бәйтерек» монументі • Сулы-жасыл бульвары • Дөңгелек алаң • «Нұр-Астана» мешіті • Ғашықтар саябағы • Астана Триумфы ғимараты • Цирк • «Думан» мұхитаралы • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарға арналған мемориал • «Қазақстанның «Атамекен» картасы- «Хан Шатыры» сауда-ойын-сауық кешені · Республикалық велотрек ·Астана-арена футбол стадионы · ·"Мұз айдыны" коньки тебу стадионы, Назарбаев университеті.
Қалай жетуге болады?
Сол жағалау, Есіл өзені, әуежай трассасы.
Автобустар: 10, 12, 18, 21, 27, 28, 35, 41, 47
Маршруттық таксилер: 110, 116, 118.
 
1. Бейбітшілік пен Келісім сарайы
 
Есіл өзенінің оң жақ жағалауы
Бейбітшілік пен Келісім сарайында Қазақстанның ұлттық мәдениеті мұражайы, 1350 орындық концерттік опера залы, цивилизациялар университеті, көрме және концерт залдары, кітапхана, сондай-ақ, әлемдік діндерді зерттеу орталығы мен діни конфессиялардың кеңселері орналасқан. Сарай қашан да ашық. Ашылған жылы бұл жерде опера дивасы Монсерат Кабальенің концерті болып өтты. Әйгілі әлем жұлдызы бүкіл ілемді де, астаналықтарды да өзінің қайталанбас каталондық сопраносымен тәнті етті.
Бейбітшілік пен Келісім сарайының сахнасында әлемдік жұлдыздардың қатысуымен опера фестивальдері, джаз және фольклорлық концерттер жиі ұйымдастырылып тұрады.
 
 
2. «Қазақ Елi» монументі
 
Тәуелсіздік алаңы
Қазақстанның тағы бір бетке ұстары – Тәуелсіздік сарайының алдындағы алаңдағы «Казак Елi» монументі. «Қазақ Елi» монументі - ұшар басында аңыздағы «Самұрық» құсының қол мүсіні бейнеленген 55-метрлік стела. Бұл –еркіндік пен өрліктің символы. Қанатын жайып, биікке самғаған киелі құс 6,5 тонна алтын жалатылған қолдан жасалған. Мүсіннің төменгі жағындағы тас тұғырда 4 қола барельеф көз тартады. Олардың сюжетінің негізінде қазақ елдігінің негізгі адамгершілік артықшылықтары мен тарихи тұғыр жатыр. Ескерткіш биіктігінің 91 метрді құрауы тәуелсіздікке қолымыз жеткен                    991 жылды меңзейді. Қазақ Елі» монументіндегі қола ба­рельефтердің біріншісі – «Тұңғыш Президент және оның халқы» композиция­сының ортасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ата заңымыз­ға оң қолын қойып, ант қабылдап тұрған сәті бейнеленген. Монументтің оң жағында орналас­қан «Қаһармандық» барельефінде ел мен жерді қорғауған қазақ батырларының ортақ образы берілген. Монументтің «Жасампаздық» рельефінде индустриалдық және аул шаруашылығы пейзажының фонында бағбанның, шабанның және шахтердің бейнелері мүсінделген. «Болашақ» барельефінде ғы­лым мен мәдениетке, өнерді игеруге, спортта биіктерге ұмтылған жастар бей­несі бедерленген.
 
 
3. Тәуелсіздік сарайы 
     
Тәуелсіздік алаңы
Астананың архитектуралық ансамбленде жаңа көрнекті орын – Тәуелсіздік Сарайы пайда болды. 60 000 шаршы метрді алатын алаңда кең залдар, галереялар, мұражайлар мен кинотеатрлар орын тепкен. Тәуелсіздік сарайының үстіңгі қабаттарында көрме залдары орналасқан. Бұл жерде атақты қазақ шеберлерінің қолынан шыққан суреттерді көруге болады. Болашақта бұл жерде әлемдік көркем шедеврлардың экспозициясы ұйымдастырылатын болады. Сарайдағы мұрайжайлардың орны бөлек. Этнография, Қазақстан тарихы, бас қала – Астананың даму тарихы. Келешектің қаласы - Қазақстанның жас астанасының макеті ерекше әсер қалдырады..
 
1. Президенттің «Ақорда» резиденциясы
 
Құрылысы 2001 ж. қыркүйекте басталып, ресми ашылуы 2004 жылы 24 желтоқсанда болып өтті. Жалпы ауданы 36720 шаршы метрді құрайды. Ғимарат тұтас бетоннан жасалған. Биіктігі - 80 м. Қасбеті қалыңдығы 20-дан 40 см. дейінгі итальяндық мәрмәрмен әшекейленген. Ол бес жерүсті (бірінші қабаттың биіктігі 10 м, қалғандары – 5 м) және 2 жерасты қабаттардан тұрады.
Резиденция алдындағы негізгі алаң кереметтей сән береді, Мәжіліс және Сенат, Жоғарғы сот ғимараттары және «Министрліктер үйі» оны қоршап тұр. Ал оның ортасында – су бұрқақтары мен оюмен өрнектелген гүлзарлар.
 
 
2. Министрліктер үйі
 
Негізігі алаң
Ғимараттың ұзындығы километрден асады. Ортасында екі мұнарасы бар кешен тұтас қабырға түрінде жасалған. Қасбеті Президент резиденциясына қарап тұр. Жалпы ауданы 36 мың шаршы метрді алатын жайлардан және бөлек шығу топтары бар үш 10 қабаттық бөлімдерден тұрады. Мұнарада А топты бизнес-орталығы бар. Сондай-ақ, кешенде әкімшілік ғимараттар мен кеңсе жайлары орналасқан.
 
 
3. Әуенді гүлді фонтандар
 
Сулы-жасыл бульвар
Сырқыраған су ағысы ғажап таяқшаның әмірімен әуен ырғағымен билейтін тәрізді. Әлем бойынша осындай үш фонтан ғана бар. ҚҰрылыс жұмысына           3,5 млрд. теңге жұмсалған. Су бұрқақтың жұмысына шамамен 1,5 мың текше метр су кетеді, ауданы – 240 шаршы метр, орнатылған саптама саны 1500 жуық, жарық саны – 1800-дей.
 
 
4. «Астана-Бәйтерек» монументі
 
Сулы-жасыл бульвар
«Астана-Бәйтерек» монументі – Астананың нышаны, оның келбеті.
«Астана-Бәйтерек» монументі – металдан, шыныдан және бетоннан жасалған әдемі архитектуралық ғимарат, оның масштабы таң қаларлықтай: 105 метр биіктіктегі метал конструкция, салмағы 1000 тоннадан артық және 500 діңгек қадамен ұсталынады.
97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауыстырылуын білдіреді.
Панорама залының ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 түрлі әлем діндерінің уәкілдері қол қойған ағаш глобус орналасқан. Ал оның жанында осы монументті тұрғызуға идея берген Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алақанының көшірме бедері бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе, орындалады деген сөз де жоқ емес.
Монумент түнгі уақытта керемет жарқырап көрінеді.
Монументтің бір жағында Қорғаныс министрлігі ғимараты, ал екінші жағында – Сыртқы істер министрлігі ғимараты орналасқан. Осы жерден биік темір сүмбіден жасалған – Зерттеу орталығын, екінші жағынан, мұрағаты бар
Ұлттық кітапхананы көруге болады. Қос ғимарат та ерекшелігімен көздің жауын алады.
 
 
5. Сулы-жасыл бульвар/Дөңгелек алаң
 
Бұл - көптеген су бұрқақтары, гүлді аллеялар және қызықты ұлттық нақыштағы мүсіндер.
Бұл жердегі әрбір су бұрқағында ерекше архитектуралық образ бен су бұрқақ құрылысы саласындағы соңғы жетістіктерді қолданумен жасалған қайталанбас техникалық шешімдер көрініс тапқан. Мүсіндерге келсек, олардың 12 түрі берілген. Бұл қырғыз авторлары Ж. Баялиев және Р. Нұрғазиевтің «Көшпенділері». Күзетші, салт атты, би, қобызы бар бақсы, бишілер және түркілердің бейнесін көрсететін басқа мүсіндер. Олар тіпті тірі бейнедей, бульвардың бейне бір ажырамас бөлігіндей, оған ерекше сипат беріп тұрғандай. Бульвар бойымен жүріп отырса, дәл ортасында үлкен су бұрқағы бар Дөңгелек алаңға тап боламыз. Алаңның орталығында мейрамханалар, дүкендер, әмбебап дүкендер орналасқан. Ал алаң сыртынан Транспорт Тауэр ғимараты, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының әкімшілік, кеңсе және тұрғын үй жайларынан тұратын қос мұнаралы ірі монолитті ғимаратымен қоршалған.
 
 
6. «Нұр Астана» мешіті
 
Қабанбай батыр даңғылы., 36,
Бүгінде әлем жұртшылығын өзінің әсем сәулетімен тамсандырған «Нұр Астана» орталық мешітінің құрылысы 2002 жылы басталып, 2005 жылы пайдалануға берілді. Ол заманауи бейнеде салынған үйлердің арасынан өзгеше көрінгенмен, үйлесімі де жоқ емес. Шыны, бетон, болат, гранит және алюкобондттың қоспасынан шыққан шығыс үлгісіндегі әсем ғимарат. Ішкі қабырғалары жартылай табиғи мәрмәрмен көмкерілген бұл мешіттің биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Күмбезі алтынмен жалатылған. Оның күмбездерін тіреп тұрған  8 тіреу діңгектері бар. Әрі ол оюлармен ғана емес, ойып нақышталған сүре жазуларымен бедерленген. Ішкі жағында 5 мың адам бір уақытта намаз оқи алатын үлкен зал бар. Екінші қабатта 2 мың әйелдің намаз оқуына арналған балкон бар. Мешіттің ауданы шамамен 4000 ш.м. құрайды. .
 
 
7. Ғашықтар саябағы
 
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ғимаратының артқы жағында
Дөңгелек алаңның астындағы көлік көпірімен жүріп, су бұрқақтарының сатысын бойлай, «ҚазМұнайГаз» аркасынан өткеннен кейін біз романтикалық аты бар романтикалық саябаққа тап боламыз. Бұл Астананың жас тұрғындарының нәзік сезім символы. Ол 2005 жылы 26 мамырда ашылды. Халық даналығы «Ағаш егіп, үй соғып, бала өсір...» дейді. Саябақта мыңдаған шыршалар, теректер, қарағайлар, қайыңдар және үйеңкілер егілген. Алты мың шаршы метрге гүл егіліп, жүз үш шаршы метр жерді неміс технологиясы бойынша жоспарланып, егілген көгалдар алып жатыр. Саяжайдың дәл ортасында керемет су бұрқағы орнатылған.
 
 
8. «Триумф Астаны» ғимараты
 
Қабанбай батыр даң.
480-пәтерлік тұрғын үй кешенінің архитектуралық келбетінде қалалық архитектураның монументалдылығы, айбындылығы мен әсемдігі үйлесімін тапқан. Бұл тұрғын үй кешені астананың жаңа ұмытылмас келбетін жасауға бейімделген. Кешеннің жалпы ауданы  – 112000 ш.м, биіктігі – 142,5 м.
Бұл бірегей қалашықтың инфрақұрылымында жабық каток, үй кинтеатры, кафе, бар, ресторан, отбасылық кештер өткізетін зал, бильярд, тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық көмек пункті, балаларды дамыту орталығы, супермаркет және сауда орталығы орын тепкен. «Триумф Астаны» кешенінің мақтанышы – оның бір жақ қанатын алып жатқан 25 метрлік бассейн.
 
 
9. Цирк
 
Қорғалжын тас жолы, 2/1
Жұмыс уақыты: 8.00 – 18.00 /тел.: 24-40-61, 24-40-59
Цирк ғимаратының құрылысы 2001 жылғы желтоқсанда басталып, 2005 жылғы 14 желтоқсанда есіктерін айқара ашты. Циркті салу идеясы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың еншісінде.  
Бірегей үлгідегі «ұшатын тәрелкенің» авторы – Төлеген Әбділдә мен оның әріптестері. Ұқсастығы жоқ архитектуралық қиял, жоғары технологиялық жоба, ішкі құрылымдық эргономика, кеңейтілген инфрақұрылым, ал ең бастысы – цирктің барлық жанрын ұсынатын бағдарлама жасауға қабілетті жас, жаңа ұжым.
Цирктің жүрегі – арена – диаметрі 92 м. тостаған формасындағы темір конструкцияда орналасқан. Аренаның диаметрі 13 м. және ол қазіргі заман цирк өнерінің талаптарына сәйкестендіріп жабдықталған: цирк күмбезінің астындағы акробатикалық ұшу жаттығулары үшін керек құрылғы, лазерлік шоу қондырғысы, мұздыайдынға айналатын манеж – трансформер. Сонымен қатар, бұл жабын паркетке де айнала алады. Ал цирк қойылымын, концерт немесе би марафонын бір мезгілде 2 мыңдай адам көре алады.
Кешенге сонымен қатар 113 орындық қонақ үй, репетиция залдары, әртістерге арналған бөлмелері және ашық жаздық аренасы бар әкімшілік ғимарат кіреді.Шаруашылық кешенде жануарлар асханасы, етікшілер, ағаш шеберлері және тігін шеберлерінің шеберханалары, суретшілер жайы, ет сақтайтын тоңазытқыш, аттарды жуындыратын орын бар. .
Цирк ғимараты мен оның маңындағы аумақ 26,5 мың. кв.м. алып жатыр
 
 
10. «Думан» ойын-сауық орталығы
 
Қабанбай батыр даң., 4
Тел.: 24-22-22, 24-24-85
Қазақстан үшін сейіл құру өндірісінің  тағы бір  жаңа үлгісі – «Думан» ойын –сауық орталығы 2003 жылғы 6 мамырда ашылды. Мұнда отбасы мүшерімен бірге сейілдеп, демалуға болады. Мыңдаған шақырым жерден әкелінген оңтүстік теңіздерінің бір тамшысы – океанариум – Қазақстандағы жалғыз әрі тұңғыш таңғажайып атракцион - «Думан» ойын - сауық орталығының жүрегі. Ол әртүрлі тақырыптық бөліктерден тұратын бірбүтін кешен: Океанариум, 3D Кинотеатры, дәмханалар жүйесі мен сауда залдары, ал орталық бөлігі серуен мен тынығуға арналған, сонымен бірге мұнда  «Джунгли» аттракционы, боулинг, сауыққана, көпфункциялы зал мен қонақүй кешені де бар. Мұхитаралдың су қоры - 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болды. Мұнда жұмыр Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2000-нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда. Мұхитарал түбінде жылжымалы жолмен жарақтанған, қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған 70 метрлік дәлізі бар. және әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағынан тұрады.Осындағы түрлі көрме аймақтарында Оңтүстік Америкадағы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы тұщы сулардың, жағалау маңдарының, тұңғиықтар мен кораллды рифтердің тұрғындары тіршілік кешуде. Аквариумдердің әр түрлі тұрқы табиғи жағдайларына жақындатылған балықтар тіршілігіне көз салуға және жыртқыш балықтар мен кәдімгі балықтарды қоректендіру барысын қадағалауға мүмкіндік береді
Ал, бас аквариумда Мұхитаралдың ең үлкен тұрғындары – акулалар мекендейді. Олармен бірге теңіз алабұғалары, үлкен патшабалықтар, коралл трауттары және басқа балықтар тіршілік кешуде. Мұхитарал – астанадағы халық ең көп келіп-кететін аттракцион.  Суасты әлемнің тіршілігін «табиғи пішінде» көрсету балалардың да, үлкендердің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.
 
 
11. «Атамекен» Қазақстан картасы» - этно-мемориалдық кешені
 
Қабанбай батыр даң., 6
Жұмыс уақыты: 10.00 – 24.00 / Тел.: 24-16-36
2001 жылы 8 қыркүйекте Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамасымен «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені ашылды.
Мұнда ауданы 1,7 га жерде елімізді қол алақанындай көруге және оның сәулетті-ландшафті тарихымен танысуға болады. «Атамекен» Қазақстан картасы» мәдени-танымдық кешенiндегi 1,7 га жерде 14 облыс, екi басты қала – Астана мен Алматының айшықты ғимараттары қамтылған. Өркеш­тенген та­улар мен қырат­тар, жа­зира да­ла, ор­ман-көлдер, ірі қала­лар­дың бей­несін көз ал­дыңа сәулет үлгілері осы ор­та­лықтың өзіндік ан­самблін құрай­ды. Ең негізгісі – бұл тарихи және мәдени ескерткіштер. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі және ҚЭЖ Бұқтырмасы, Президент Резиденциясы мен Қарағай құламасы. «Карта» бойынша жұмыс әлі де бітер емес: Қазақстанның дамуы тоқтамайынша, картада да орын табыла бермек.
Жобаны жасаған - «Қаздизайн». Авторлары – Т. Сүлейменов, А. Ордабаев, С. Баиров, А. Қайнарбаев, Н. Анарқұлов және А. Кенжетаев.
 
 
15. "Хан Шатыр" ойын-сауық кешені
 
Тұран даңғылы
Әлемдегі ең биік қалқалы конструкция саналатын бұл құрылыс (150 м) үш қабатты полимерден жасалған ассиметриялық «шатыр». Ол жасанды климаты бар, Қазақстанның астанасы үшін рекреациялық зона болатын, қоғамдық орын саналатн 10 га аумақты алып жатыр.
Онда толыққанды қалалық саябақ, дүкендер, кафелер, мейрмаханалар, кинотеатрлар, көрме және оконцерт жайлары, ал үстіңгі террассада аквапарк орын тепкен. Ғимарат ойын-сауыққа арналған болса да, оның қалақұрылыстық ролі де аз емес: «Хан Шатыр» солтүстіктен Астана жоспарының орталық осін шектеп, бүгінгі күні қаланың ең биік ғимараты болып отыр..
 
 
16. Республикалық велотрек      
 
Кабанбай батыр даңғылы
Құрылысы 2006 жылы басталып, 3 жылда жобаға бірнеше түзетулер енгізілді. Соңғысы 2011 жылғы қысқы олимпиада ойындарына байланысты. Спорт кешеінінң сыйымдылығы - 9200 адам., онда 25 метрлік бассейн, баскетбол мен волейбол алаңдары, жеңлатлетика долақтары, гимнастика залы орналастырылатын болады. Осының барлығы 5 деңгейде не қабатта болады. Мердігерлер өз туындысын спортты интеграциялаудың шағын заманауи құрылымы деп есептейді. Ал оның велотрек екенін велосипед шлемінің формасын қайталайтын шатырынан білуге болады.
 
 
17. "Астана-Арена»  футбол стадионы
 
Кабанбай батыр даңғылы
Сыйымдылығы – 30 000 көрермен орны.
Көлемі 10 000 ш.м. жылжымалы жабыны бар әлемдегі 6 құрылыстың бірі. Стадион 2009 жылғы 3 шілдеде ашылды. Стадион тарихындағы ең бірінші матчта  «Локомотив» (алматылық екі команда негізінде сол жылы құрылған астаналық команда) мен Қазақстанның жастар құрамасы кездесті. Матчқа атақты итальяндық арбитр Пьерлуиджи Колина төрелік етті, ал оның ысқырығынан кейін допты бірінші болып Қазақстаның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тепті..
Стадионда 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылу церемониясы өтеді.
 
 
18. "Алау" мұз айдыны
 
Кабанбай батыр даңғылы
Бөлінген телімнің орналасқан орны - Есіл өзенінің сол жағалауы, Қабанбай батыр даңғылы бойынша, футбол стадионының жанында. Конькимен сырғанау спорты, шорт-трек, Канада хоккейі (2 алаң), керлинг, мәнерлеп сырғанау сияқты спорт түрлерін жүргізуге арналған. Кешен құрамына - негізгі конькимен сырғанау стадионының үлкен аралықты құрылымы мен қонақ үй, төрт жүз метрлік жүгірме жол, 10 000 орындық трибуна, СПА, фитнес орталық, кафе мен дәмханалар, әкімшілік кеңсенің конус тәрізді ғимараты кіреді.
 
 
19. Назарбаев университеті
 
Кабанбай батыр даңғылы
Назарбаев Университетi — қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен ашылған Астанадағы жоғары оқу орны. Н. А. Назарбаев университетті өзінің атымен атауға рұқсат берді. Университеттің идеясы – бұрын «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге барып оқыған студенттерге енді Қазақстанда сол сапа мен деңгейдегі білім алуға мүмкіндік беру.
«Жаңа Университеттің аясында Астанада үш жаңа ғылыми орталық құрылатын болады.
Өмір туралы ғылымдар орталығы органдарды, жасанды жүрек пен өкпені қондыру, діңгектік жасуша және ұзақ өмір сүру саласында әлемдік жетекші ғылыми орталықтармен бірлескен әзірлемелерді жүргізеді.
Энергетикалық зерттеулер орталығы қайталанба энергетика, жоғары энергиялар физикасы мен техникасы мәселелерімен айналысатын болады.
Пәнаралық аспаптық орталық инжиниринг орталығы, зертханалық база және конструкторлық бюро болып табылады».
 
Сайттар
  • Спорттық БАҚ
  • Спорттық Клубтар
  • Спорттық федерациялар
  • Басқармаға қарасты мекемелер
  • Халықаралық ұйымдар