«Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің көрсететін мемлекеттік қызмет тізбесі
 
Көрсетілетін қызметтің атауы
Құжаттар тізімі
Көрсетілетін қызметтің мерзімі
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш қабылдап нәтижесін берет ін мекеменің атауы
1
Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат,
1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта
деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi
бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi
санаттын ұсқаушы -спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi
біліктілік санаттарын беру
1. «Спорт шеберіне кандидат» спорттық разрядын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;

3) спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған жарыстар және (немесе) спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

4) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті бір фотосурет;

2. «1-разрядты спортшы» спорттық разрядын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;

3) спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

4) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті бір фотосурет;

3. «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы», «біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы» біліктілік санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;

4) жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

5) алдыңғы санатты беру куәлігінің көшірмесі немесе ол туралы бұйрықтан үзінді көшірме;

6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама;

7) спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясының мөрімен куәландырылған республикалық жарыстар және (немесе) спорт түрі бойынша облыс федерациясы мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

4. «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер», «біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер» біліктілік санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;

4) жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
 
5. «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы» біліктілік санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:   
  
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) білімі туралы димпломның көшірмесі;

4) жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

      5) спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен куәландырылған санат беру туралы қолдаухат;
 
6. «бірінші санатты спорт төрешісі» біліктілік санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;

4) спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы өткізетін төрешілердің семинарынан өткені туралы анықтама;

5) қызмет берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтама;

6) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет.
 
құжаттар топтамасын ХҚО тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
ХҚО жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығын қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
 «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ
 
2
Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
 
1. Аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:

1) спорт федерацияның басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт федерациясының өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеуді өткізуге өтініш;

3) басшы органның жеке құрамы туралы мәлімет;

4) спорт федерациясы жарғысының көшірмесі;

5) спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарлама;

6) спорт түрі (түрлері) бойынша қағидалар жобасы;
 
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап аккредиттеу туралы куәлікті беру – күнтізбелік 15 (он бес) күн;

 
«Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ